Ресейлік газ транзиті Украина арқылы келісімшарттарға орай жүргізіліп отыр

"Украинадағы жағдай не Украинадағы, не Белоруссиядағы бизнеске кері ықпал еткен жоқ, бүкіл транзит келісімшарттарға орай орындалып отыр», деді А.Круглов сәрсенбіде Минскіде баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, Украинаның "Газпром" алдындағы қарызы бүгінгі күнде1,7 млрд долларға жеткен.

Оның сөзіне қарағанда, Украина үшін газ бағасы 2019 жылға дейін келісілген келісімшартта айқындалған.