Ресейлік ғалымға Елбасының құттықтау хаты тапсырылды

Осыған орай, Қазақстан Рес­публикасының Президенті Нұр­сұлтан Назарбаев оған жеке құт­тықтау хатын жолдаған болатын. Хатта В.Садовничийдің басқаруымен «ММУ инновациялар мен ізгі бастамалардың бұлағына айналып, әлемнің ең үздік университеттерінің қатарына кірді», деп атап көрсетілген. Бұл туралы «Егемен Қазақстан» газеті бүгінгі санында хабарлады.

Мерекелеу қарсаңында Қазақ­станның Ресейдегі елшісі Марат Тәжин мерейтой иесімен кезде­сіп, Мемлекет басшысының аты­нан аталған құттықтау хатты тапсырды. Елші мәдени-гума­ни­тарлық салалардағы Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынастарына В.Садовничийдің ерекше үлес қос­қанын атап өтіп, оған ұзақ ғұмыр мен табыс тіледі.


Сонымен бірге, жүздесу бары­сында мәдени-гуманитарлық, оның ішінде ең бастысы, білім беру саласындағы мәселелер тал­қыланып, екіжақты ынты­мақ­тастықтың күн тәртібіндегі мә­се­лелері бойынша пікір алмасу өтті.