Ресейлік ғарышкерлер ХҒС-на бидай мен қызанақ егеді

Агенттік сайтындағы ақпарға қарағанда, «ХҒС-ның ресейлік сегментінде «Өсімдіктер» атты сынақты жүзеге асырудың кезекті сатысы басталды. 28-ші экспедиция кезінде ХҒС командиріі, ғарышкер Андрей Борисенко «агрономға» айналады».

Бидай мен қызанақ тұқымы маусымның 3-інде егіледі.
«Бұл бір жағынан, ғылымға керек. Екінші жағынан экипаж мүшелеріне түсетін психологиялық жүктемені азайтуға көмектеседі. Тәжірибелі ғарышкерлердің өзі осы бақшада өсіп келе жатқан гүлдерді сағаттап тамашалауға дайын екендігін айтқан», - деп атап көрсетілген хабарламада.