Ресейлік комментатор ауыр атлетикадан қазақстандық әлем чемпиондарына ауыр тиетін сөз айтты

Олардың соншалықты таң қалуына, қазақ зілтеміршісі Рахимовтың серпе көтерудің екінші мүмкіндігінде алғашқы салмаққа бірден 13 келі қосып, онымен қоймай көтеріп кетуі себеп болса керек.

Дегенмен eurosport 1 арнасының қос комментаторы Қазақ елінен басқаларын айтпағанда, бір ғана Лондон Олимпиадасынан 4 бірдей чемпион шыққанын ұмытып кеткен сияқты.

Еске сала кетсек, бүгін қазақстандық ауыр атлет Нижат Рахимов ерлер арасында 77 келі салмақта алтын жүлдеге қол жеткізді. Ол қос сайыстың қорытындысы бойынша 379 келіні көтерді. Атап айтқанда, жұлқа көтеруде 165 келі, ал серпе көтеруде 214 келі көтерді.