Алып торттың авторы, әйгілі ресейлік кондитер оның 179 мың доллар тұратынын жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz.
“179 мың доллар тұрмайды, олай болуы мүмкін де емес. Ал торттың шын мәнінде қанша тұратыны құпия, оны тек мен және тапсырыс беруші адам біледі. Сол да жеткілікті”, – деді Ренат Агзамов Instagram-да тікелей эфир барысында.
Ол тәтті торттың шын мәнінде қанша тұратынын жасырып қалды.
Айта кетейік, шымкенттік олигархтың тойына арнайы тапсырыспен алдырылған торттың биіктігі 4,2 метр, ал диаметрі 3 метр, салмағы шамамен 1500 килограмм.
Естеріңізде болса, шымкенттік олигархтың тойына әйгілі боксшы Геннадий Головкиннің өзі қатысқан болатын.