Бұл туралы клубтың баспасөз қызметінен хабарлады.
«Сарыарқа» хоккей клубы құраманың жаңа бас жаттықтырушысына лайықты үміткерді анықтады. «Сарыарқа» ХК басшылығы бас жаттықтырушы лауазымына ресейлік маман Евгений Зиновьевті тағайындады», - делінген таратылған хабарламада.
Е. Зиновьев соңғы үш маусымда Орск қаласының (РФ) «Оңтүстік Уралын» басқарды.