Ресейлік «МиГ» корпорациясы келісімшартты жуық арада бекітеміз деп үміттенеді

«Біз Қазақстанмен МиГ-35 тікұшақтарын жеткізу жөнінде келісімшартты жуық арада бекітеміз деп үміттенеміз және үмітіміздің ақталуын қалаймыз.

Өйткені, бұл екі жылдан бері тілек күйінде қалып отыр», - деді корпорацияның бас директоры Сергей Коротков берген сұхбатында.

Оның айтуынша, Қазақстанның Қорғаныс министрлігі МиГ-35 ұшақтарын сатып алуға қызығушылық танытып отыр. «Бірақ, қазір оны сатып алу үшін заң бойынша бірқатар процедуралар жүзеге асырылуы тиіс. Қай жерде де басқа жерде бұдан да жақсы ыбар шығар деген алаңдаушылық болмай қоймайды. Біз өз тауарымызды көрсеткіміз келеді. Бірақ, бұл біраз уақыт пен шығынды қажет етеді. Меніңше, біздің ұшақтарымыз мақтауға лайықты. Оны сатып алған жағдайда Қорғаныс министрлігі әскери-әуе күштерінің әскери мүмкіндіктерін едәуір арттырар еді», - дейді бас директор.

Бүгінгі таңда Қазақстанда МиГ-31, МиГ-29, МиГ-27 және МиГ-23 ұшақтары пайдаланылады.