Ресейлік «Рубин» «Копенгагеннен» 1:0 есебімен жеңіліп қалды

Копенгагендегі кездесудің алғашқы минуттарында Дам Ндоя соққан гол алаң иелеріне олардың жаттықтырушылары Столе Сольбаккен алдын ала айтқан болжалды есепті алып келді. Дания астанасындағы тоқсан минуттық «Копенгаген» мен «Рубин» арасындағы кездесу барысында қақпаға бірнеше қауіпті сәттер туындағанмен, жеңісті аз ғана басымдықпен алаң иелері қанжығаларына байлады.