Ресейлік саясаткер: АҚШ Қазақстаннан сайлауды қалай өткізу керектігін үйренуі тиіс

Ол Мемлекеттік Думаның депутаттары қаңтар айында ҰҚШҰ(Ұжымдық қауіпсіздік келісімі) және ТМД аясында Қазақстан мен Қырғызстанда сайлауды бақылаушы ретінде қатысқанын еске түсірді. 

"Бақылаушының барлығы сайлау әр елдің ұлттық заңнамасына сәйкес өткенін атап өтті. Олар бәсекеге қабілетті, ашық болды. Осыған байланысты Америка Құрама Штаттары да архаикалық жүйесімен, бірде-бір халықаралық бақылаушысы жоқ жабық сайлау жүйесімен осы елдерден үлгі алуы тиіс", - деді ммлекеттік Думаның төрағасы Вячеслав Володин "Россия 24" телеарнасының эфирінде.

Ол бүгінгі таңда ҰҚШҰ мен ТМД-ға кіретін бұрынғы Совет Одағы елдерінде сайлау стандарттары өте жоғары екенін атап өтті.