Ол телефон арқылы берген бейнесұхбатында бірден Жириновскийше сайрай жөнелген. «Қазақстан – екіұлтты ел. Шындығын айтқанда, оны ел деп айтудың өзі қиын. Қазақтардың ешқашан өз мемлекеті болған емес. Олар, негізі, көшпенді ғой. Бұларға әріпті де, жазуды да, білім-ғылымды да орыстар үйретті» дейді Душенов.
Оның да ойынша, Солтүстік Қазақстан – Ресейдің бір бөлігі. «Ол жерде орыстар көп қоныстанған. Ал бұл жергілікті ұлтшылдарға ұнамайды» дейді саясаткер. Душеновтің айтуынша, Прибалтика елдері мен Украинадағы сияқты орысқа деген жаппай наразылық біздің елде де бар көрінеді. Ол Ақтөбедегі лаңкестік әрекетке дәл осы жағдай себеп болуы мүмкін екенін айтады. Сөйткен Душенов бұл теріс діни ағымның жетегінде кеткендердің әрекеті дегенге күмәнмен қарап отыр.