Ресейлік саясаткер: Ресей келесі "арнайы операциясын" Қазақстанда жасамаса болмайды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sm.news басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Әскери сарапшының пікірінше, Қазақстан Америкамен байланысты, ал американдықтар өздерінің биолабораторияларын осы елдің аумағында орналастырады. Сатановский бұл Ресей мен Қазақстан арасындағы қақтығысқа әсер ететініне сенімді.

Саясаттанушы АҚШ әскери-биологиялық зертханаларында немістер де, ағылшындар да, қазақтар да жұмыс істегенін атап өтті.


Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың 24 ақпанынан бастап Ресей Украинада "арнайы операциясын" (соғысын) жүргізіп келеді.