Он жеті жасар бұл спортшы Халықаралық теннис федерациясының нұсқасы бойынша жасөспірімдер арасында әлемдік рейтингте үшінші орында тұр. Мәскеулік Қазақстан теннис федерациясының теннисшілерге барлық жағдай отырғанын өз көзімен көріп-білген соң осындай шешімге келген көрінеді. 1995 жылы 7 қаңтарда өмірге келген ол биыл Әйелдер арасындағы теннис қауымдастығының рейтингінде 84-орында тұр. Биыл 7 мамырда Францияда "Cagnes-Sur-Mer"турнирінде жеңіске жеткен Юлия "Australian Open" турнирінде - финалда, 2011 жылы "Roland Garros" турнирінің ширек финалында, ал 2010 жылы "Wimbledon Junior", "Үлкен дулыға" турнирлерінде жартылай финалда және "US Open Junior" турнирінің финалында өнер көрсетті.