Ресейлік танымал дәрігер коронавирустың күзде қайта таралуы мүмкін екенін айтты

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы  Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Менің ойымша, коронавирус эпидемиясы бір ай ішінде сәуір айының ортасына қарай басылады",  - деді дәрігер Мясников.

Оның айтуынша, коронавирус маусымдық ауру. Сондықтан дәрігер күзде вирустың қайта таралуы мүмкін екенін айтады.

Сондай-ақ, дәрігер әзірше медицинаның да бұл вирустың қалай таралатынын толық білмейтінін айтады. Ол пандемия үшін болып жатқан дүрбелеңнің негізсіз екенін айтады. Ал карантин жариялау, дәрігердің айтуынша, өте маңызды.