Ресейлік триатлоншы Ольга Ерофеева Қазақстан азаматтығын алды

Бұл туралы «Аламан» ұлттық спорт порталына Қазақстан Триатлон федерациясының басшысы Юрий Соловьев мәлімдеді.

«Ерофеева Қазақстан атынан Лондон Олимпиадасына қатысады. Қазір Дмитрий Гааг екеуі Кипр елінде жаттығу жұмыстарын өткізіп жатыр. Алда бірнеше ірі халықаралық турнирлерге қатысады»,- деді Федерация басшысы.