Ресейлік велошабандоз допингпен ұсталды

Бұл туралы Велошабандоздардың халықаралық одағының сайтында жарияланды, деп хабарлайды РБК.

Дерек көздің ақпараты бойынша, А.Колобневтің ағзасынан қан қысымын төмендететін тыйым салынған зат - гидрохлоротиозид препараты табылған. Бұл биылғы турнир басталғалы бері анықталған бірінші допинг оқиғасы.

UCI ережесі бойынша, А.Колобнев турнирден дереу шығарып тасталмайды. Дегенмен, UCI, ресейлік шабандоздың командасы «Тур де Франс» турниріне қатысуларын жалғастыру үшін қажетті қадамдар қабылдайды және спортшыға өзін қорғауға уақыт береді деген үмітте. А.Колобневке 4 күн мұрсат беріліп отыр.

Ресейлік «Катюша» командасының қатарында өнер көрсетуші А.Колобнев қайта талдау тапсыра алады. Веложарыстың 9 кезеңінің қорытындысы бойынша А.Колобнев 69-шы орында келеді.