Ресейлік және қазақстандық компаниялар серіктік байланысты дамыту туралы келісімге қол қойды

"Ынтымақтастық туралы меморандумға "Ғарыштық байланыстың" бас директоры Юрий Прохоров және "Республикалық ғарыштық байланыс орталығы" АҚ-ның президенті Виктор Лефтер қол қойды. Құжат 2019 жылға дейін күшінде, одан кейін оның мерзімі ұзартылуы мүмкін", делінген "Ғарыштық байланыстың" сайтында берілген хабарламада.

Келісімге орай ғарыштық аппараттарды басқару мен хабар тарату саласында, ғылыми зерттеулер жағынан тәжірибе алмасу көзделген, бірлескен инженерлік-техникалық бағдарламаларды жүзеге асыру жоспарланған, бірлескен ғылыми-практикалық шараларды ұйымдастыру ойластырылған.