Ресейлік журналисті жарып жіберген күдікті Мәскеуде қазақстандық төлқұжатты пайдаланған

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Газета.ру басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Дереккөздің хабарлауынша, Вовк өлтірілген үйдің жанында гаражды жалға алған. Ол гаражды ағасына керек деп мәлімдеді.

"Вовк гараждың иесіне Юлия Зайко есімді қазақстандық төлқұжатты пайдаланған", - деп жазылған дереккөзде.


Ресейлік журналист әрі саясаттанушы Дарья Дугина 20 тамыз күні көліктің жарылысынан қайтыс болған болатын.