Ресейліктер Батыс Қазақстаннан көне монеталар мен басқа раритеттерді әкетпек болған

Олар "Тойота-Ланд крузермен" Ресейге шыққан, бірақ оларды"Орда" шекаралық нарядының отряды ұстады, деп хабарлады сәрсенбіде  республиканың ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметінен.

"Көліктен 1846 жылғы 230 монета салынған екі қорапша және сақина, білезік, жетон, төс белгі секілді түсті металдан жасалған 470 зат салынған 3 пакет табылды", деді баспасөз қызметінен.

Бұл факті туралы құққық қорғау органдарына хабарланды. Тергеу шаралары жүргізілуде.