Ресейліктер Jah Khalib-тің концерттеріне тыйым салуды талап етіп жатыр

Ulysmedia.kz жазуынша, ресейлік депутаттар, журналистер және тіпті кейбір рэперлер Украинадағы соғысқа қатысты ұстанымына байланысты қазақстандық әртіс Бақтияр Мамедовтың (Jah Khalib) концерттерін өткізуге тыйым салуды талап етті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

Jah Khalib бір жылдан астам уақыт бойы Украинада өмір сүріп келеді. Ресей алғаш рет басып кірген кезде өнер иесі әлеуметтік желілерде Киевте екенін, жергілікті халықтың ерлігіне таңғалғанын жазған.

Мемлекеттік Дума депутаты Яна Лантратова Мәскеу мэрі мен Санкт-Петербург губернаторынан Jah Khalib-тің жоспарланған концерттерін өткізуге тыйым салу керек дейді.


«Бақтияр Мамедов 23 сәуір мен 25 қарашада Мәскеуде, 25 сәуірде Санкт-Петербургте концерттер өткізуді жоспарлап отыр. Ол ақшаны Ресейде тапқысы келеді. Ісі мен сөзі сай емес», – деп жазды депутат.