Ресейліктердің төлқұжатына саусақ іздері енгізіледі

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұл елдің төлқұжаттарында қолдың екі саусағының іздері туралы туралы ақпарат болуы тиіс.

Атап айтқанда, ондағы папиллярлық өрнектердің бейнесі төлқұжатта орнатылған электронды жадыда сақталады.

Ресейдің Федералды көші-қон қызметі әзірлеген құжат бүгін жарияланады деп күтілуде.