Бұл туралы Қазақстанның онлайн-петициялары сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"1"Қараша айының соңында РФ әншісі Тиматидің Астана мен Алматыда концерт беруі жоспарланған. РФ азаматы Тимати өзінің көршілес егеменді және тәуелсіз елдеріне қатысты РФ-ның әскери агрессиясын, атап айтқанда, РФ-ның егеменді және тәуелсіз Украина мемлекетіне әскери агрессиясы мен әскери басып кіруін белсенді және жария түрде қолдайтынын ескере отырып, біз - Қазақстан азаматтары, оның біздің елімізде болуына қарсымыз", - деп жазылған петицияда.
Естеріңізге сала кетейік, ресейлік әншінің концерті Алматы қаласында 27 қарашада өтпек.