Мұндай тыйымды естіген ресейлік депутаттар Адам Делимханов пен Бисұлтан Хамзаев бұған қарсы шықты, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Депутат Адам Делимхановтың айтуынша бұл конституция заңын бұзумен тең.
”Владимир облысында хиджабқа тыйым салу бұл - діни бостандыққа кепілдік беретін Конституцияны өрескел бұзу. Бұл кемсітушілікті білім беру мекемелеріндегі сыртқы келбетке деген қамқорлық деу нағыз сорақылық”, - деді ресейлік депутат.
Хиджабқа тыйым қойғандарды ресейлік депутат Бисұлтан Хамзаев “ақымақтар” деп атады.
”Владимирлік шенеуніктердің жасағаны нағыз ақымақтық. Олар нағыз ақымақтар. Бұл менің өз ойым”, - деді депутат.