Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитетінің қызметкерлері 13 шілдеде Алматы қалысы ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасымен бірлесіп, 25 жастағы есірткі сатушы жігітті ұстады.
"Жеке тексеру барысында ұсталған азаматтың шалбарының қалтасынан Алматы қаласында таратуға арналған 332 грамнан артық героин табылды",- делінген хабарламада.
Сол күні Қостанай облысының ІІД қызметкерлері Қарабалық ауданының Қарабалық ауылындағы "Шеп" бекетінде Қостанай-Челябинск бағытындағы "Mercedes Benz" автобусын ұстады.
Автобуста келе жатқан Ресей Федерациясы азаматшасының сөмкесінен 3 кг героин табылып, тәркіленді.
Қазіргі уақытта есірткіні әкелу және сату арналарын анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде.