Республика аймақтарында өрт қаупі сақталуда - ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі

Атап айтсақ, 11-12-шілдеде Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында, сондай-ақ, Қарағанды облысының кей жерлерінде, 11-13-шілдеде Жамбыл облысында, сондай-ақ, Алматы және Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Осыған байланысты аталмыш облыстардың төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттеріне халыққа осы жөнінде хабарлама таратып, адам шығынына жол бермеуге шаралар қолдануға тапсырма берілді.
Атап айтсақ, құтқару қызметінің құрамы мен техникасын дайындық жағдайына көшіру, тіршілік қамтамасыздығы нысандарына тұрақты жұмыс істеуге жағдай жасау, жолдар мен көпірлер ахуалына және көлік қозғалысына бақылауды күшейту, байланыс және дабыл жүйесі құралдарының дайындығын тексеру жөнінде тапсырма берілді.