Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 маусымдағы Ұлттық Құрылтай отырысында берген тапсырмасын орындау мақсатында депутаттар "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізді:
- 25 қазанды ұлттық мемлекеттік мереке - Республика күні деп белгілеу;
- 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні мемлекеттік мереке ретінде бекітілсін.