Республика парламенті Египетпен арадағы әуе қатынасы туралы үкіметаралық келісімді бекітті

Келісімнің мақсаты - екі мемлекет аумағы арасында әуе қатынасын орнатуға құқықтық негіз қалау болмақ.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, аталмыш келісімнің 2-бабына сәйкес тараптардың әуе компаниялары белгіленген бағыт бойынша авиажелілерді пайдалануда бірқатар құқыққа ие болады. Атап айтсақ, екінші елдің аумағы арқылы қонбай ұшып өтуге, көрсетілген аумақта коммерциялық емес мақсатпен аялдауға, сондай-ақ, екінші елдің аумағында уақытша аялдап, халықаралық бағытта тасымалданатын жолаушы, пошта және жүктерді бортқа тиеп алуға немесе түсіруге құқық беріледі.
Келісімге 2001-жылдың 11-қарашасында Каирде қол қойылған.
Келісімді бекіту туралы заң жобасы мемлекет басшысының қол қоюына жіберілді.