Республика парламенті "Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы Халықаралық Қылмыстық Соттың билігіне адамдарды тапсыру туралы" келісімді бекітті

Келісімге 2003-жылдың қыркүйек айында қол қойылған.

Құжат бойынша АҚШ жағы Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстанның жазбаша келісімінсіз Халықаралық Қылмыстық Соттың билігіне өткерілмейтіндігі туралы кепілдік береді. Қазақстан да АҚШ азаматтарына қатысты осындай міндеттеме жүктейді.
Келісімді бекіту туралы заң жобасы мемлекет басшысының қол қоюына жіберілді.