"Жалпы алғанда, елімізде ашу жоспарланған барлық АЭА мен технологиялық даму аймақтары бойынша осы кезеңде жаңа бастамалардан абс тартып, сәл дамылдаған жөн", - деді Кәрім Мәсімов.
"Алдымен өзіміз белгілеп алған аймақтарды, Қорғастағы, Астанадағы, Алматыдағы және Маңғыстаудағы аймақтарды салып бітіріп алайық. Жаңа бастамаларды шектей тұруға келісейік. Жаңа үш жылдық бюджеттік жоспарда осының бәрін қамтып, аяғына дейін салып бітіріп алайық", - деді ол.