"Ресей жағымен студенттерді оқытуға бөлінетін квотаны ұлғайту жөнінде жұмыстар жүргізу қажет, мен Білім және ғылым министрлігіне "Болашақ" бағдарламасының аясында ғарыш саласының болашақ мамандарына арналған квотаны ұлғайту мәселесін дәйектеуді тапсырамын", - деді Кәрім Мәсімов.
"Тұтастай алғанда, Ресей біздің басты стратегиялық әріптесіміз болғандықтан, және екі елдің арасында тамаша қарым-қатынас бар екеніне байланысты біз осы елдің көмегімен тиісті мамандар шоғырын дайындап шығару жөнінде келісімге келе аламыз деп ойлаймын", -деді ол.