"Мен осындай проблемалардың Ресейде қалай шешіліп жатқандығын байқадым, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін түсінбейтін және ұрымтал тұсты бас пайдасына жарата қоятын бірнеше алыпсатар компанияны басқалар секем алуы үшін тұтқындаған, бұдан кейін қалғандарының ондай іспен айналысуға құлқы қалмапты", - деді Кәрім Мәсімов құқық қорғау органдарына қаратып айтқан сөзінде.
"Мен құқық қорғау органдарына бәсекелестікті қорғау комитетімен бірлесіп осындай тәжірибені қолданысқа енгізуді тапсырамын, бұл қазіргі жағдайда оңды тәжірибе болып табылады", - деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті