Республика үкімет басшысы ғарыштық қызметті дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруда жол берілген заң бұзушылықтарға жауаптыларды табуға тапсырма берді

"Бұл бағдарлама бойынша нақты сұрақтар қойылды, мен Есеп комитенің хатына сәйкес тиісті тапсырмалар бердім, ендігі жерде не тындырылды, не тындырылған жоқ деген мәселе анықталады. Тиісті жаза жүктейтін жауапты тұлғаларды анықтау қажет", - деді Кәрім Мәсімов.

Осының алдында ғана алқа отырысында Есеп комитетінің тексерулерінің қорытындысын қалай бағалайтындығы жөніндегі үкімет басшысының сұрағына жауап берген Қазғарыш басшысы Талғат Мұсабаев "ондағы мәселелердің бәрі де біздің бұған дейін ҰҚК, Қауіпсіздік кеңесі менүкіметтің алдына қойған және мемлекет басшысына жолдаған хатымызда айтқан біздің көзқарастарымызбен толық сәйкес келеді" деді.

"Біз бұл мәселені сандармен айшықтамай-ақ, жай ғана индикативтік түрде жайып салған болсақ, Есеп комитеті "Қазақстан Республикасында ғарыштық қызметті дамыту жөніндегі 2005 - 2007 жылдарға арналған" мемлекеттік бағдарламаның орындалуына қатысты біздің қаупімізді растады", - деді Ұлттық ғарыш агентігінің (Қазғарыш) төрағасы.

"Өкінішке орай, бұл жол берілген деректер және Есеп комитеті тізбелеген деректерді расында да анықтаған. Іс жүзінде осы бағдарламаның администраторы болып табылатын ҚР Білім және ғылым министрлігінің өз алдына қойылған міндетті атқара алмауы бізді өкінтеді", - деді Т. Мұсабаев.

"Енді сол қателіктерді түзеу- біздің парызымыз және біз оған дайынбыз, ал заң бұзушылықтарға қатысы бар Білім және ғылым министрлігінің қызметкерлерінен біз тек өзімізге кедергі келтірмеуді сұраймыз. Ал үкіметтен жан-жақты қолдау күтеміз, өйткені, бізде қалыптасқан ахуалдан қалай шығудың нақты жолдары бар", - деді Т. Мұсабаев.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі Есеп комитеті "Қазақстан Республикасында ғарыштық қызметті дамыту жөніндегі 2005 - 2007 жылдарға арналған" мемлекеттік бағдарлама тиімсіз жүзеге асырылғанын анықтаған.

Осыған байланысты Есеп комитеті үкіметке ғарыш саласын дамыту стратегиясының жобасын жасап, Қазақстан мен Ресейдің тиісті үкіметаралық келісімдеріне тиісті өзгертулер мен толықтырулар енгізуді ұсынады. Комитет ғарыштық қызмет саласындағы нормативтік- құқықтық базаны жетілдіруді,бағдарламаны жүзеге асыру барысында жол берілген кемшіліктерді жоюды ұсынады.