"Кітап, басылымдарды көркемдік өңдеу және ғылыми редакторлық жасау, тәржіманың сапасын қамтамасыз ету үшін авторлардың, аудармашылардың, суретшілердің және басқа да санаттағы шығармашылық қызметкерлерінің қызметіне лайықты ақы төлеу мәселесін дәйектеу қажет", - деді Кәрім Мәсімов.
"Бізге Қазақстан тарихы, археологиясы, этнографиясы мен мәдениетіне қатысты сапалы әрі топтамалық басылымдар қажет", - деді премьер.
Сонымен бірге Кәрім Мәсімовтың айтуынша, " "Мәдени мұра" бағдарламасын жүзеге асыру аясында жүргізілген ғылыми зертетулер нәтижесінде жинақталған жаңаша әрі жүйелі мәліметтерді оқулықтар мен оқу бағдарламаларарына енгізу мәселесін шешу қажет".
Ол бұған қоса "Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын туристік инфрақұрылымның аса маңызды тармағы ретінде қарастыру қажет", деді.
"Ол үшін елімізде тарихи-мәдени мұраны насихаттау және оларды сақтау, зерттеу ошақтары ретінде этномәдени орталықтар мен қорық-мұражайлар құру қажет", -деп санайды үкімет басшысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті