Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов пен Польша президенті Лех Качыньскиймен кездесуінде тараптар екі жақты Қазақстан-Польша қарым-қатынастарын дамытудың келешегі мен жай-күйін талқылады. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы, көлік коммуникациясы, фармацевтика және телекоммуникация салаларындағы ынтымақтастық мәселелері қаралды.
Л. Качыньский өнеркәсіп пен IT технологияны дамыту салаларындағы Қазақстан мен Польшаның өзара іс-қимылының белсенділігіне қызығушылығын білдірді. "Осы салаларда бізде білікті кадрлар бар", - деп мәлім етті Польша президенті.
Өз кезегінде, К. Мәсімов Қазақстан мен Польша " экономикалық ынтымақтастық саласындағы ынтымақтастықты дамыту қажет" деп атап өтті.
ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов пен Лондон-Сити лорд-мэрі Джон Статтард банкі мен қаржылық сектордағы қазақстан-британ ынтымақтастығын одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.
"Ұлыбританиямен екі жақты ынтымақтастықты дамыту Қазақстанның сыртқы саясатының маңызды бағытының бірі болып табылады",- деді әңгіме барысында К. Мәсімов.
"Біз осы үрдісті нығайту маңызды әрі біздің елдер арасындағы екі жақты қарым-қатынастарды дамытуға жаңа серпін беру керек деп есептейміз. Екі жақты экономикалық ынтымақтастықты дамытуға, әсіресе, Алматыдағы өңірлік қаржы орталығын дамытуға, қаржы рыногына, Қазақстан экономикасын әртараптандыруға қатысты сіз көрсеткен қолдауыңызды ерекше атап өткім келеді",- деді Қазақстан үкіметінің басшысы.
Ал Кәрім Мәсімов пен Еуроодақтың Орталық Азия елдері бойынша арнаулы өкілі Пьер Морельдің кездесінде Қазақстан Республикасы мен Еуроодақтың арасындағы соңғы уақыттағы инвестициялық, индустриялдық-инновациялық саладағы, шағын және орта бизнес, көлік, ғарыш және макроэкономикалық диалог тәрізді перспективалы бағыттар анықталып отырғаны атап өтілді.
"Біз Қазақстанның бәсекелестікті арттыру және инновацияны дамытуда Еуропалық негіздемелік бағдарламасына қосылуы туралы Еуроодақтың Комиссиясының шешімін қуаттаймыз", деді К. Мәсімов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті