"Қазақстан қағазы" қағаз-картон комбинаты - еліміздегі бірден-бір ұлттық қағаз өндіруші кәсіпорын болып табылады. Мемлекеттік импорт алмастыру бағдарламасы аясында кәсіпорын 2004-жылдың тамыз айында қағаз өндіретін екінші машинаны монтаждауға кіріскен. Монтаждау шарасымен қоса желінің толық құны 20 млн. долларды құрайды. Жалпы алғанда 2001-2004-жылдар аралығында акционерлік қоғам құрал-жабдыққа 30 млн. доллар жұмсады. Алдағы екі жылда тағы 10 млн. доллардан астам қаржы игеру көзделіп отыр.
2005-жылы пайдалануға берілетін жаңа желі Қазақстан нарығындағы қағаз шикізатына деген сұранысты 90 процентке қамтамасыз етеді. Қазіргі жағдаймен отандық шикізат рыногының жалпы сыйымдылығы айына 6 мың тоннаны құрайды. Бұл қажеттілік негізінен комбинат өнімдерімен және шетелдік импорт есебінен қамтамасыз етілуде.