Республика үкімет басшысы "Самұрық" холдингінің басшыларын қабылдады

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында холдинг басшыларының алдына - ұлттық активтерді басқарудың тиімді жүйесін құру және "Самұрық" компаниясының корпоративтік басқару деңгейін көтеру міндеттері қойылды.

Р. Эванс "біз біздің басты міндетіміз - Қазақстан халқының игілігі үшін "Самұрық" басқаратын ұлттық компанияның құндылығы мен маңыздылығын арттыру екенін жақсы түсінеміз" деп атап өтті.

Ал Қанат Бозымбаев Қазақстанның ұлттық компаниясының корпоративтік басқару деңгейін арттыру және менеджмент жүйесін нығайту мақсатында, "ұлттық компанияның директорлар кеңесінің құрамына тәуелсіз сарапшыларды тарту қажет" деп санайды. Әлемге белгілі корпорацияларда еңбек еткен тәжірибесі бар ондай мамандар "біздің ұлттық менеджерлерге Қазақстанның ұлттық компаниялары тәрізді ірі компанияларды басқаруда өз тәжірибелерін бөлісетін болады" деді ол.

"Үкімет басшысы "Самұрық" холдингісін дамытуға бағытталған нақты міндеттер қойды, біз жыл соңына дейін осы міндеттерді орындау үшін жұмыс жасайтын боламыз",- деп мәлімдеді холдингтің басқарма төрағасы Қ. Бозымбаев.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті