Республика үкімет басшысы үкіметтің жанынан бәсекелестік жөніндегі арнаулы кеңес құруды тапсырды

"Мен бүгін бәсекелестік жөніндегі арнаулы кеңес құру жөнінде шешім қабылдадым. Ол қағаз жүзінде бар болғанымен, әзірге өмірде жұмыс істеп отырған жоқ. Ол үкіметтен 2-3 адам, жеке меншік сектордан 6 адамнан, барлығы 9 жуық адамнан құралған ықшамды кеңес болуға тиіс. Шағын және орта бизнес жөніндегі комиссия секілді. Ол шағын ғана болғанымен, осы айларда қаншама шешім қабылданды. Кеңесті құрумен Ө.Шүкеев айналысады", -деді Кәрім Мәсімов.

Үкімет басшысының пікірінше, "Бәсекелестік туралы" заң ойдағыдай дәйектелген, оған қатысты жиынтық пікір бар. "Бәсекелестік туралы" заңды 26 тамызға дейін толықтыра дайындап, үкіметтің отырысына енгізу қажет", - деді ол.