Республика үкімет басшысы Жапонияға барады

Кездесу барысында сонымен бірге екі елдің түрлі экономикалық салалардағы, техникалық ынтымақтастық саласындағы, білім беру және ғылым, бірлескен Қазақстан-Жапония жобаларын жүзеге асыру салаларындағы болашақ ықпалдастығы туралы мәселелер талқыланды.

"Еліміз Жапониямен арадағы ынтымақтастықты жан-жақты тереңдете нығайтуға дайын",- деді Д.Ахметов.
Бүгінде Қазақстан мен Жапония арасында етене жақын ықпалдастық орнап, тауар айналымыынң көлемі арта түсуде, бірлескен бағдарламалар жүзеге асырылуда,- деді үкімет басшысы.