Республика үкімет басшысы жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша заңнамаға енгізілетін түзетулерді толықтыра дәйектеуге тапсырма берді

Ол Владимир Школьникке "басқа органдармен бірлесіп заң жобасын бір айдың ішінде толықтыра дәйектеуді" тапсырды.

Үкімет басшысының айтуынша, заң жобасын 30 күннен кейін үкіметтің отырысына енгізу жоспарланған, оның барысында "тіпкілікті шешім" қабылданатын болады. "Шаруаны ұзаққа соза бермеуді ұсынамын",- деді Кәрім Мәсімов .

Сонымен бірге үкімет басшысы "бұл шешімдерді сауда-өнеркәсіптік палата туралы заңға енгізу жоспарланған өзгерістермен бірге қабылдау керек. Бұл мәселелер бір блок түрінде қарастырылуға тиіс" деген пікірде.