Республика үкімет басшысы жұмыс сапарымен Семейге барады

Үкімет басшысы жұмыс сапарының бағдарламасына сәйкес "Шығыс Қазақстан ұн және құрама жем комбинаты" АҚ, "Машина жасау зауыты" АҚ мен №19 орта мектепте болады. Сонымен бірге ол Семей қаласының атқамінерлерімен кеңес өткізеді.

Түстен кейін Д.Ахметов Чарск қаласына барып, Чарск-Өскемен темір жол желісінің ашылуына қатысады.