"Біз бюджет тапшылығын 2005-жылы 1 процентке дейін, ал болашақта 0,5 процентке дейін кемітуді көздеп отырмыз",- деді үкімет басшысы.
Д.Ахметовтың атап көрсетуінше, "мемлекеттік борыштарды қысқарту әлеуметтік жобаларды қаржыландыруға әсер ететіні сөзсіз".
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, "2004-жылғы республикалық бюджет туралы" заңға толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" заң жобасына сәйкес республикалық бюджеттің тапшылығы 92 663 000 мың теңге (немесе Жалпы Ішкі Өнімнің 1,8 проценті) көлемінде жоспарланып отыр.