Республика үкіметі 2005-жылғы бюджетті қайтадан қарамақшы

Үкімет басшысының бұйрығымен президенттің тапсырмаларын орындауға байланысты іс-шаралар жоспарын әзірлеуші жұмыс тобы құрылып, оған "барлық министрлердің орынбасарлары мен агенттік басшылары енді". 19-ақпанда құрылған жұмыс тобын үкімет басшысы кеңсесінің жетекшісі Алтай Тілеубердин басқарады.

Бүгінгі үкімет отырысында да президенттің тапсырмаларын орындауға байланысты іс-шаралар жоспары қаралады. Д.Ахметов іс-шаралар жоспарын жасу барысында "үкімет қаржы жағынан жолдау аясынан шығып кетпеуше шақырды". Өйткені, ондай жағдайда "ағымдағы жылға арналан бюджетті қайтадан қарауға тура келмек".