Республика үкіметі 2005-жылы ірі нысандар акциясының мемлекеттік қоржынын сатуды жоспарлап отырған жоқ

Бүгінде мемлекет мынадай ірі кәсіпорындар акциясының блок-пакетін (25%+1 акция) иемденіп отыр: "Соколов-Сарыбай тау-кен өндірістік бірлестігі" АҚ, мемлекеттік акциялар қоржынының үлесі 39,5%, "Қазмырыш" АҚ -27,64%, "Трансұлттық "Қазхром" компаниясы - 31,37%, "Павлодар мұнайхимиясы зауыты" ЖАҚ - 45,16%, Мемлекеттік зейнетақы жинақтаушы қоры - 100%, "ЕврАзия энергетикалық корпорациясы"АҚ - 25,18%, "Электр энергиясы мен электр қуаты рыногының Қазақстандық операторы" - 100%, "Казмортрансфлот"Ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы - 50%.

Сонымен қатар бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, "Мемлекеттік зейнетақы жинақтаушы қоры" қазір жекешелендіруге дайындалу үстінде. Зейнетақы қорын жекешелендіруге қатысуға Еуропалық қайта құру және даму банкі ниет білдірді. Бұл банк жекешелендіру алдындағы сатыда акциялар қоржынының 10 процентін 1,65 млрд. теңгеге номинал құнына сатып алуды межелеген. Сонымен бірге Еуропалық қайта құру және даму банкі мен ҚР Ұлттық банкі "Мемлекеттік зейнетақы жинақтаушы қоры" биыл толыққанды жекешелендіріледі дегенге сенім білдірген.