Н.Атшабаровтың айтуынша, республика аймақтарын ауыз сумен қамтамасыз ету проблемасы "Ауыз су" атты салалық бағдарлама аясында шешіледі. Қазір бағдарламаны жетілдіру жұмыстары жүргізілуде.
Н.Атшабаровтың айтуынша, ауыз су сапасына қатысты қиындықтарды шешу үшін шетелдік қарыздар мен гранттар тарту қажет. "Бізге қаржылай қарыз емес, су дайындау және оның сапасын арттыруға қатысты озық технологиялар бірінші кезекте қажет",- деді ол.
"Ауыз су" атты салалық бағдарлама Қазақстанда 2002-жылдан бері жүзеге асырылуда. Соған сәйкес 2010-жылы еліміздегі барлық 7660 елдімекен сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілмек.