"Жалпы алғанда, 2005-жылға арналған республикалық бюджетте тепе-теңдік сақталған. Біз бюджеттің кірісін қамтамасыз ету үшін алға ірі мақсаттар қойып отырмыз. Бюджетте есепке алынған мұнай бағасы да айтарлықтай жоғары. Алайда, біз бюджеттің кіріс бөлігін қамтамасыз ете аламыз дегенге сенімдіміз",- деді үкімет басшысы Даниал Ахметов.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бюджет мынадай көрсеткіштермен мақұлданды: 2005 жылы республикалық бюджет кірісінің жалпы көлемі 1 трлн. 128 млрд. теңге (ЖІӨ-нің 19,3 проценті), ал 2005-жылға арналған республикалық бюджеттің шығыс бөлігі 1 трлн. 242 млн. теңгені (ЖІӨ-нің 21 проценті) құрайды. Бюджет тапшылығы 101,4 млрд. теңге немесе ЖІӨ-нің болжанып отырған деңгейінің 1,7 проценті мөлшерінде ұйғарылды.