"Біз мемлекет басшысынан оны шұғыл заң деп жариялауды және 1-қаңтарға дейін қабылдауды сұрамақшымыз",- деді Қ.Келімбетов.
Экономика министрінің ақпаратына сәйкес, "үкімет 2006-жылдың 1-қаңтарынан бастап Алматыдағы аймақтық қаржылық орталықтың әкімшілігі жұмыс істей бастайды деген сенімде. Оны қаржыландыруға республикалық бюджетте 1,5 млрд. теңге қарастырылды".
"Әкімшілік орталықтың іс-қызметіне қатысты барлық мәселелерді жауаптанатын болады",- деп атап көрсеткен министр қаржылық орталықтың іске кірісуі үшін көптеген заңға тәуелді актілерді қабылдау қажеттігін жеткізді.