"Бірінші кезеңде астықты экспорттап сату қызметіне лицензия беру тәртібін енгізу көзделген. Бұдан кейін елімізде қолданылатын астық пен оны өңдеуден кейінгі өнімдердің сапасын бағалау әдістерін халықаралық стандарттармен сәйкестендіру, астық жөніндегі кеңес құру, астық пулын құру, астық пен оны өңдеуден кейінгі өнімдерді тасымалдауға жұмсалатын шығындарға субсидия бөлу, астық пен оны өңдеу өнімдерін биржада сатылатын тауарлардың тізіміне енгізу қадамдары жасалады",- деді ол.
Департамент директорының айтуынша, стратегияның жобасын жасауда Канада мен Австралияның тәжірибесі пайдаланылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті