Республика үкіметі елімізде жеке сот үкімін орындатушылар институтын енгізуге қатысты заң жобаларының топтамасын мақұлдады

"Біз парламент депутаттарымен бірлесе отырып жеке сот үкімін орындатушылар институтын енгізетін мерзімі мен осы институтты енгізу тәртіптері жөніндегі мәселені шешуіміз қажет", -деді еліміздің әділет министрі Зағипа Балиева.

Ол "Қазақстанда бұл институттың экономикалық соттарды енгізген жолмен енгізілуі мүмкін екендігін, яғни, бастапқыда пилотты жоба түрінде 2-3 облыста енгізілуі мүмкін екендігін" жоққа шығармады. Бірақ оны парламент депутаттары шешеді.