Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Каспий теңізінің Қазақстанға қарасы бөлігін игеру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға сәйкес қайраң үш кезеңмен игеріледі. Атап айтсақ, бірінші кезеңде (2003 - 2005 жылдар) кешенді игеруге жағдай жасалса, екінші кезеңде (2006-2010-жылдар) қайраң қарқынды игеріледі; ал үшінші кезеңде (2011 - 2015 жылдары) – мұнай өндіру көлемі тұрақтанады.
”Қазір біз екінші кезеңге аяқ бастық. Бұған дейін барлауға берілген блоктарда бәрі айқындала қойған жоқ. Ондағы жұмыстар аяқталмай отыр. Биыл Аташ, Құрманғазы сынды бірнеше кеніште жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты биыл тендерлер өткізілмейді”,- деді Л.Қиынов.