"Депутаттар талқылау барысында бұл түзетулерді қабылдамай тастады. Біз бұл мәселені үкіметпен келістік. Үкімет түзетуді алып тастауға келісті",- деді З.Балиева.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, заң жобасын жасаушылар прокурорларға БАҚ-тар мен діни бірлестіктердің жұмысын уақытша тоқтату немесе жабу құқықтарын беруді ұсынған болатын. Әділет министрлігі ұсынған бұл түзетулер қоғамда біраз пікірталас тудырды. Саяси париялар мен бірлестіктердің өкілдері де, халықаралық ұйымдар да оларды қабылдауға қарсылық білдірді.
19-сәуірде мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитеті заң жобасынан аталмыш түзетуді алып тастады. "Комитет отырысында барлық тыйым және жабу жұмыстарымен сот жүйесі шұ,ылданады деп шешілді. Бұл ұсынысты депутаттар бір дауыстан қолдады",- деді аталмыш заң жобасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі Тоқтархан Нұрахметов.