Республика үкіметі жеке баспана тұрғызуға жер телімдерін беру тәртіптерін бекітті



Атап айтсақ, тәртіпте айтылғандай, республика азаматтарына жеке баспана тұрғызуға арналған 0,10 гектар көлеміндегі жер жеке меншікке тегін беріледі. Жер телімін аталмыш мақсатта екінші мәрте тегін беруге жол берілмейді, делінген құжатта.

Тәртіптерге сәйкес, тұрғын үй құрылысын салу үшін жеке меншікте болатын жер телімдерінің ең жоғары көлемі облыстық (республикалық маңызы бар қалалар мен астананың) өкілетті және атқарушы билік органдарының бірлескен шешімімен жергілікті жағдай мен ерекшеліктерге қарай белгіленеді.

Сонымен бірге тәртіптерде оралмандар мен шетелдіктерге жер телімдерін беру ережелері көрсетілген.